Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: СОТҚА БАРЫП ТАТУЛАСҚАНДАР КӨП

ТҮРКІСТАН: СОТҚА БАРЫП ТАТУЛАСҚАНДАР КӨП

Соңғы уақытта өңірдегі соттарда араздасқан істі татуласу арқылы шешіп жатқандардың саны артқан. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы облыста 1516 азаматтық іс сотқа жетіп тұрып ымыра арқылы шешілген. Сондай-ақ, даулы мәселелерді медициялық жолмен шешу мәселесі қылмыстық істерде де кең қолданыла бастағаны байқалады. Соның нәтижесінде соңғы кездері өңірде сотталғандардың саны едәуір азайыпты. Мәселен, 2018 жылы облыста 2093 адам бас бостандығынан айырылған болса, былтыр олардың саны 5 есеге азайған., деп жазады деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

2019 жылы облыстағы соттарда бас-аяғы 25199 азаматтық іс қаралыпты. Сол істердің 95 пайызы өткен жылы аяқталып, шешім шығарылған. Алқа төрағасының айтуынша былтыр шығарылған шешімдерге наразылық танытқандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда аз болған. Мәселен, былтыр сот шешіміне келіспей қайта шағым түсіргендер саны 1645-ті құраған. Ол, жалпы аяқталған істің 6 пайызы. Есесіне арадағы ашуды медициялық жолмен шешкендер көп.

Түгел Бекметов – Түркістан облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы: 2019 жылы соттарда 1516 іс тек ғана азаматтық істер бойынша, тараптар татуласуға келген. Бұдан бөлек қорғаушылар тараптарды өзара татуластырады. Оларды қазіргі тілмен айтқанда партисификативті істер дейміз. Сол бойынша да адвокаттар бізге көп көмегін тигізіп жатыр. Бұл бойынша да біз Республикада бірінші орындамыз деп айта аламын.

Медиация тәртібі енгізілгелі өңірде сотқа жететін қылмыстық істердің де саны да азайыпты. Нәтижесінде айыптау үкімінің де азайғаны байқалады. Статистика сүйенсек 2018 жылмен салыстырғанда өткен жылы шығарылған айыптау үкімінің саны 305-ке кеміген. Нәтижесінде сотталғандардың да кеміп жатқаны байқалады. Мәселен, 2018 жылы өңірде 2093 адам істі болған болса өткен жылы 407 адам сотталыпты.

Таубай Қадырбаев — Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: Бұрынғы кездері сотқа дейінгі тергеу барысында ол істер бойынша татуласуға келген жағдайда сотқа жіберіліп жатқан болса, қазір олардың көпшілігі татуласуға келетін болса, олардың көпшілігі тергеуде қысқарып жатыр. Себебі, жоғарғы соттың талабы, жалпы талап біздің халқымызды татуластыру.

Сотта қаралатын істер азайғанымен соңғы судьялардың кемшілікке жол беруі жиілеген көрінеді. Мәселен, 2018 жылы облыста 3 судьяның заң бұзғаны анықталса, былтыр 19 судьяның заңсыздыққа барған белгілі болған. Сөйтіп, 3 қызметкерге ескерту беріліп, 2-і қызметпен қоштасыпты.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*