Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙДЫ

ТҮРКІСТАНДА ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙДЫ

«Қонақ үй қызметтері барлық стандарттарға сай болуы тиіс». Мейіржан Мырзалиев кәсіпкерлерге осындай талап қойды. Себебі. Түркістан еліміздегі туристер жиі ат басын бұратын орталық. Шетелдік қонақтарды таңдай қақтыратындай қызмет сапасын жақсату жайын сөз етті, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Көне шаһарда қазір 40-қа жуық қонақ үй қызмет көрсетеді. Бөлмелердің бағасы-15-45 мың теңге аралығында. Наурыз мерекесі қарсаңында жылдағы үрдіс бойынша мыңдаған қонақ келеді деп күтілуде. Жиында сол мейман күтетін орындардың күйі мен қызмет сапасы сынға ілікті.«Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қонақ үй бизнесін дамытуға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Екі микроқаржы ұйымы мен «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеңілдетілген бағамен несие берілуде. Соның аясында «Rixos» қонақ үйі салынып, шілде айында пайдалуға беріледі. Отырыста облыстың әр аудандарынан келген кәсіпкерлер бизнесті дөңгелетуде орын алып жатқан көкейкесті мәселелерімен бөлісті. Несие алу, шипажай қызметін дамыту, тасымалдау қызметін реттестіру. мәселелері алдағы уақытта терең зерттелмек. Облыс бойынша қазір 168 қонақ үй, 51 емдік-сауықтыру шипажайлары мен 60 демалыс орны қызмет көрсетеді.

 

Пікір жазу