Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БӘЙДІБЕКТІКТЕР 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТІН ОТЫРҒЫЗДЫ

БӘЙДІБЕКТІКТЕР 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТІН ОТЫРҒЫЗДЫ

Көгалдандыру науқаны басталды. Түркістан облысында алғашқылардың бірі болып Бәйдібектіктер 5 мыңға жуық ағаш көшетін отырғызды, , деп жазады  OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Тер төгіп, жасыл желекке мән берген ағайын мұнымен шектеліп қалмаймыз, деп отыр. Сенбілікке ауданның барлық мекемелері ат салысқан.

Жаппай сенбілік аудан орталығы Шаянда, өткен жылы аумағы абаттандырылып қайта пайдалануға берілген «Орталық саябақта» өткізілді. Тазалық жұмыстары, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей тапсырмасына сәйкес жүргізілді.  Аудан орталығы күл — қоқыстан тазартылып, арықтар ашылды.  Бұл жұмыстар  алдағы уақытта да барлық ауылдар мен көшелерде де жалғасын табатын болады.

Сансызбай Бекмұратов – Бәйдібек аудандық «Жасыл саябақтар» КММ директоры: Бұл жұмыстар осымен тоқтап қалмай, әрі қарай да жалғасын табатын болады. Жалпы, аудан орталыеғының  өзінде 5 мыңдай, басқа елді-мекендерде отыз мыңға жуық көшеттер отырғызуды жоспарлап отырмыз.

Пікір жазу