Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Мақтаарал ауданында су тасқынының алдын алу бойынша практикалық түрде атқарылатын арнайы тактикалық жаттығу іс-шарасы өтті, деп жазады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Жаттығу шарасында «Достық» каналында төтенше жағдай туындағанда азаматтық қорғау күштерінің іс-әрекеті нақтыланды. Іс-әрекеттің алгоритіміне сәйкес, ең алдымен сағат 09:25-те түскен хабарлама бойынша Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына, кезекші бөлімге және аудан көлеміндегі тиісті мекемелерге хабарлама берілді.

Мұнан соң оқиға орнына аудан көлеміндегі азаматтық қорғау күштері жұмылдырылды. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданының төтенше жағдай бөлімінен 5 қызметкер, №20 және №21 өрт сөндіру бекеттерінен 2 автокөлік және 6 қызметкер, полиция бөлімінен 2 автокөлік және 4 қызметкер, жедел жәрдем қызметінен 2 автокөлік және 4 қызметкер, «Достық» каналының қызметкерлерінен 6 адам және 2 техника (1 бульдозер, 1 эксковатор), «Казсушар» РМК мекемесінен 5 қызметкер және 2 техника (1 бульдозер, 1 эксковатор), сонымен бірге аудандық білім бөлімінен 50 адамнан құралған құтқару командасы төтенше жағдай орнынан табылды.

Алгоритмге сәйкес, азаматтық қорғау күштері жаппай жұмылдырылып «Достық» каналының бұзылған жері құм салынған қаптармен бекітілді. Сондай-ақ, ағын су тоқтатылып, автокөліктердің қозғалысы ретке келтірілді. Осылайша туындаған қауіп жойылды.

 

Пікір жазу