Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ЕЛ АРАЛАДЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ЕЛ АРАЛАДЫ

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ерікті жастармен бірігіп ел аралады. Ең алдымен өңір басшысы аудандық «Мырзакент» ауруханасында емделіп жатқан көп балалы ана, І топтың мүгедегі Перизат Қарабаеваның ахуалынан хабар алды, деп жазады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Бұған дейін Бақыт Насырханұлы Достық ауылдық округінде тұратын Қарабаевтар отбасына барып, отанасының жағдайымен танысқан болатын. П.Қарабаева осыдан 3 жыл бұрын жол апатына ұшырап, төсек тартып қалған. Науқастың жай-күйімен танысқан аудан басшысы квота қарастырып, демеушілер ұйымдастыру үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырма берген болатын. Осылайша Қарабаевтар отбасы «Қамқорлық» бағдарламасының қамқорлығына іліккен.

Мұнан соң аудан басшысы Мырзакент кентінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Сейітмұрат Құзжановтың шаңырағына барып, ардагердің мерейлі мерейтойымен құттықтап қайтты. 1926 жылы дүниеге келген ардагер 94 жасқа толып отыр. Сонымен қатар, аудан әкімі 73 жасқа толып отырған жалғызілікті қария Валерий Цойдың үйіне де барды. Ойламаған жерден сыйға бөленген қариялардың қуанышында шек болмады.

Айта кетейік, «Еріктілер жылы» аясында ауданымыздың ерікті жастары тыл ардагерлері мен жалғызілікті қарттардың үй жұмыстарына көмектесіп, жағдайларынан жиі хабар алып тұрады.

Пікір жазу