Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МЫРЗАКЕНТ КЕНТІНДЕ ТҰРАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МЫРЗАКЕНТ КЕНТІНДЕ ТҰРАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Мақтаарал ауданында «Қамқорлық» бағдарламасына енген отбасылардың жалпы саны 115-ке жетіп отыр. Ал, аудан орталығы Мырзакент кентінде өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік жағдайлары өте төмен 12 отбасы аталған бағдарламаға енген. Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Мырзакент кентіндегі бағдарламға енген отбасылардың үйлерін арнайы аралап, жағдайларымен танысты, деп жазады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Жалпы Мырзакент кентінде «Қамқорлық» бағдарламасына енген отбасылардың басым бөлігі тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге мұқтаж. Тіпті, күнделікті тұтынатын азық-түліктерін алуға жағдайлары жетпейтіндері де бар. Сонымен қатар, киім-кешекке, тұрмыстық қатты отынға да қажеттіліктері туындап отыр.

Аудан басшысы әрбір отбасының құрамымен жеке танысып, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыруға және кәсіпкерлік бағдарламасы аясында өз кәсіптерін ашуға көмек бере алатынын айтты. Сондай-ақ, тұрғын үйге мұқтаждығы бар отбасыларды жер кезегіне, үй кезегіне тұрғызу үшін кент әкімі аппаратының қызметкерлеріне арнайы тапсырма берді.

Айта кетейік, «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы бойынша облыстық және аудандық бюджет есебінен, демеушілер және қайырымдылық қорлар арқылы кедей отбасының әрбір мүшесіне медициналық, жұмысқа орналасу, азық-түлік пен тұрмыстық заттар әперу, білім алу және өзге де мәселелер бойынша тұрақты көмек көрсетіліп, олардың еңсе тіктеулеріне жағдай жасалады.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*