Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сайрам ауданында төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы дайындық жұмыстары пысықталды

Сайрам ауданында төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы дайындық жұмыстары пысықталды

Бүгін Ақсукент ауылына қарасты ашық алаңда Сайрам аудандық азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдары көктемгі су тасқынын болдырмау және төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы дайындық жұмыстарын пысықтады, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

«Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтау барысында аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков құтқарушы жасақ, эвакуация, жиналу бекеттер, техникалық, медициналық, азық-түліктік мүмкіндіктерді толық саралады. Аудандағы барлық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықтарын жеке-жеке тексеріп, төтенше жағдай кезінде жұмылдырылатын күш пен құралдардың жұмыс істеу әдістері жөнінде мамандармен сұхбаттасты.

– Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ұйымдастырылатын оқу-жаттығу жиындары жәй ғана «өтті» деген белгі соғу үшін емес, жауапкершілікті сезіну үшін ұйымдастырылады. Бүгін «түзете саламыз ғой» деп қараған кемшілік ертең бір аймақтың өзекті мәселесіне айналуы мүмкін. Сондықтан, төтенше жағдайға дайындық сақадай сай болуы тиіс, – деді аудан әкімі.

Аудан әкімінің орынбасары Ержигит Шарипбековтің жетекшілігімен ауыл округ әкімдері және дербес бөлім басшылары оқу-жаттығу барысында айтылған ескертулер барысында жұмысты жалғастырады.

Пікір жазу