Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА «ТӨРЕКЕЛДІ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ТӨРЕКЕЛДІ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен қалалық орталық кітапханада «Оңтүстіктің өр оғланы» атты еске алу кеші болып өтті, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап — ғылыми кітапханасының бастамасымен «Оңтүстіктің дара тұлғалары» жобасы аясында өткен шара Орта Азия көлемінде тұңғыш тәуелсіз журнал ашқан азамат, баспагер, журналист Төрекелді Байтасовтың туғанына 65 жыл толу құрметіне арналды. Бұл биыл бастау алатын «Төрекелді оқулары» байқауының тұсаукесер шарасы болатын.


Жиында қаламгердің курстас досы, ф.ғ.д Сейдулла Садықов, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек, әнші -сазгер Сауран Елеуов,ақын Зейнулла Еркебалаевтар естеліктерімен бөлісіп, өмір жолын баспа саласына арнаған азамат тұлғасына тоқталды. Сондай -ақ баспагердің ұлы, жолын қуған журналист Төребек Байтасов әке келбетін тілге тиек етті.


Кешке студенттер, кітапханашылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Өр оғланын ұлықтаған кештің сахнасында әндер мен ойлы толғамдар салтанат құрды.

Пікір жазу