Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: «ФЕРМЕРЛЕРГЕ БІР ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: «ФЕРМЕРЛЕРГЕ БІР ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

​ «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен шаруалар мен фермерлердің, аудан тұрғындарының еңбек белсенділігін күшейту мақсатында «Фермерлерге бір қадам» акциясы қолға алынған. Акция Біртілек ауылдық округі фермерлері мен шаруа қожалық иелерімен кездесумен жалғасын тапты.


Жиында партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков семинар-кеңесте аудандық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары өз салалары бойынша фермерлер мен шаруа қожалықтарына қатысты мемлекет тарапынан қолдауға бағытталған оң өзгерістер жайлы баяндайтынын, тиісті сұрақтар болса қоюға болатынын жеткізді.
«Фермерлер одағының» Келес аудандындағы өкілі Мұхамеджан Көлбаев «Фермерлерге бір қадам» акциясының маңызына тоқталып, партияға алғысын жеткізді. Сонымен қатар ауданда мал және ауыл шаруашылығын дамытуды тілге тиек етіп, шаруаларды іріленуге, «Фермерлер одағына» мүше бола отырып ауыл шаруашылығын дамытуға шақырды.


Жиын барысында ауданның кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Абишев асыл тұқымды мал өсіруді субсидиялау жайын, ауылшаруашылық техникасының несие көлемін 10%-ға, техника құнын 25%-ға субсидияланатынын жеткізді. Ауданның жер қатынастар бөлімінің басшысы Б.Бейсеқұл жер беру тәртібі тек ауыл округі әкімдері арқылы бос жерге ұсыныс беру бойынша конкурс арқылы берілетініне тоқталса, салық инспекторы М.Қаназаров шаруа қожалықтары, фермерлер мен кәсіпкерлерге 2020 жылдан салық заңнама нормаларына байланысты салықтан 100% босатылатынына тоқталды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал директоры Е.Мәденов, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы А.Мүтәлиевалар өз салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен «Игілік», «Кәсіпкер», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жайлы толыққанды ақпарат берді.
Семинар барысында шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар мен кеңестер берілді.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*