Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов майдандастарын құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сонымен бірге майдандас досы Ақай Тілеске «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл» мерекелік төс белгісін тапсырды. Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Әзімбай Қожабаев өз қаруластарын құттықтады.

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Диана Турманова ардагерлерді құттықтап, оларға алғыс хат пен сый – сияпаттар тапсырды.

Жиын барысында оқушылардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама көрсетілді. Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін –бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түпкір түпкірінде еңбек етуде. Солардың ішінде қаламыздың білім саласында қызмет етіп жүрген ардагер ағалар комитет атынан ұлықталды.

 

Пікір жазу