Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда «Қылмыссыз болашақ» атты тақырыбында студент жастармен кездесу өтті

Түркістанда «Қылмыссыз болашақ» атты тақырыбында студент жастармен кездесу өтті

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Осы орайда, Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының ұйымдастыруымен «Қылмыссыз болашақ» атты тақырыбында студент жастармен кездесу өтті.

Бұл туралы «Түркістан» газетінің тілшісі Қ.Тасыбаевтың мақаласына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кездесуде аталған тақырып аясында Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Әділбаева, Түркістан қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің ЮПТ-нің УПИ полиция аға лейтенанты Е.Өндірбай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының меңгерушісі, заңгері Г.Байтілеуова баяндама жасап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының студент жастарға арнайы дайындаған жадынамалары таратылды.

 

Пікір жазу