Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА «КӨКТЕМ-2020» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «КӨКТЕМ-2020» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бірлесе ұйымдастырумен қала аумағында «Көктем — 2020» республикалық командалық штабтық оқу — жаттығу шарасы өтті. Шараның мақсаты бірінші кезекте халықты және қала аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталды.

Бұл туралы «Түркістан» газетінің тілшісі Қ.Тасыбаевтың мақаласына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар, табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің құрылымдары мен авариялық құтқару өкілдерінен құралған 12 командасы, 154 жеке құрамы және 31 техникасы жұмылдырылды.

Шараға қатысқан Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов, Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары С.Смайлов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Т.Досалиев және тағы да басқа тиісті сала өкілдері қатысып, оқу — жаттығу жиынының дайындығымен танысты. Бұдан соң оқу -жаттығу шарасының жалғасы Шаға каналын бірлесіп ашу жұмыстарымен жалғасты.

 

Пікір жазу