Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төлеби ауданында жеміс-жидектерді өңдеу цехы іске қосылмақ

Төлеби ауданында жеміс-жидектерді өңдеу цехы іске қосылмақ

Соңғы кездері өңіріміздің табиғаты шұрайлы ауданның бірі Төлеби ауданында атқарылып жатқан біршама игі істерді көріп жүрміз. Соның бірі, Төлеби ауданындағы жеміс-жидектерді өңдеу цехының іске қосылуы.  Бұл туралы «Отырар» телеарнасының тілшісі Ш.Оразованың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Төлеби ауданындағы Кемеқалған ауылдық округіндегі «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жеміс өнімдерін өңдеу цехының құрылысын бастап кетті.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында  500 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Шаруашылықтағы 138 гектар аумақтың 110 гектары алма бау, ал қалған 28 гектардың құрылысы жүргізілуде. Алып жатқан егіс алқабында бүгінгі таңда 265 000 көшет отырғызылған. Олардың барлығы Италия елінен әкелінген түп ағаштар.

Соның ішінде «Гренин Смит» сорты 50 мың, «Айдаред» 50 мың, «Голден делишес» 115 мың және «Гала» сорты 50 004 түп. Жалпы егіс алқабына 1 млрд. 650 млн. теңге қаржы бөлінген.

 

 

Пікір жазу