Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төлебиде машина жасау зауыты іске қосылмақ

Төлебиде машина жасау зауыты іске қосылмақ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында тындырымды тірлік көп. Таулы ауданның тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен шаруаларын дөңгелетіп отыр. Шыбық шаншысаң шынар болып шығатын таулы ауданда тағы да жағымды жаңалық. Жуырда Төлеби ауданы, Леңгір қаласында машина жасау зауыты іске қосылмақ.

Бұл туралы «Отырар» телеарнасының тілшісі Шынар Оразованың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Төлеби ауданының әкімі  Бауыржан Омарбеков  Леңгір  машина жасау зауытын қайта жандандыру процесі жүріп жатқанын хабарлады.

Кәсіпорынды іске қосу мақсатында  2 млрд. теңге көлемінде  инвестиция құйылған. Нәтижесінде өндіріс орнында 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл жоба жүзеге асса, тек қалалықтар емес, Леңгірге жақын орналасқан ауылдардың азаматтары да жұмысқа тартылады. Жаңа жобаның ашыып, жұмыс орындарының көбеюіне тұрғындардың да ризашылықтары шексіз.

Қазір зауыт ғимаратының сыртын қаптау жұмыстары  жүргізілуде. Жабдықталған кәсіпорын жақын арада іске қосылмақ.

Пікір жазу