Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Бәйдібек ауданында жергілікті тұрғын түрлі түсті құрт өндіруде

Бәйдібек ауданында жергілікті тұрғын түрлі түсті құрт өндіруде

Бәйдібек ауданында жергілікті тұрғын түрлі түсті құрт өндіруде. Бала кезінен әжесі мен анасынан әртүрлі сүт тағамдарын жасауды үйренген Назерке Әскер заман талабына сай кәсібін бастап, бүгінде жұмыссыз жүрген жастарға үлгі болуда, , деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Аатабектің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Ол аудандық кәсіпкерлік палатасына жас кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Бастау-бизнес» жобасы бойынша арнайы курсты оқып шыққан. Арнайы сертификат алған соң, бизнес жоспар құрған. Оны арнайы комиссияда қорғап, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 3 млн қайтарымсыз несиеге қол жеткізген.

Кәсіпкер қыз Назерке осы ауданға қарасты Жамбыл ауылында тұрады. Негізгі мамандығы -дәрігер. Алайда ол қазақтың қасиетті тағамдарының бірі – құртты заманауи негізде жасауды көптен бері армандап жүретін.  Қайсар қыз   мемлекет берген мүмкіндіктің арқасында   ол мақсатына  да қол жеткізе білді. Сөйтіп, ол алдымен   құрт өңдейтін және дөңгелек пішінде жасайтын аппараттар мен салқындатқыш құрылғы сатып алады. Қазіргі таңда ешқандай химиялық коспасыз таза табиғи түрлі түсті құрттың 10 түрін жасауда.

Кәсібін   енді бастаған Назерке әзірге тек тапсырыстар арқылы ғана жұмыс істеуде. Өйткені, қыс ауасы болғандықтан сүт өнімдері тапшылау. Әйтсе де Назерке алдағы уақатта қосымша несие алып, оған сүтті сиырлар басын көбейтуді де мақсат тұтып отыр.  Сонда шикізат тапшылығы болмайды дейді.

Бәйдібек ауданында    өткен жылы  «Бастау- бизнес» жобасы бойынша 390 азамат  арнайы курстан өтсе, бүгінгі таңда оның 239- ы өз ісін бастап кеткен.Бұл мақсатта арнайы мамандар еңбегінің  үлесі бары анық.

Жалпы,  Бәйдібек ауданында орта және шағын кәсіпкерлік күн  өткен сайын  өркен жайып келеді. Өйткені,   мұнда   шаруаның қай түрімен айналысуға да   мүмкіндіктер  өте мол.  Ол үшін  тиісті сала мамандары бүгінгідей  қарқындарын төмендетпеуі тиіс.

 

Пікір жазу