Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БИЫЛ 15 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

БИЫЛ 15 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанда биыл 15 мәдени-әлеуметтік нысан салынып,ел игілігіне беріледі. Олардың 8-і жаңа әкімшілік іскерлік орталықта орналасқан болса, қалғаны рухани-мәдени аймақта бой тіктейді. Нысандар ішінде басқармалар үйі, Конгресс холл, драмма театр, 8 мың орындық стадион мен Атракционды саябақ бар. Бүгінде барлық ғимаратта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында облысымыздың сәулетшілері мәлімдеді, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Түркістанда биыл құрылыс қарқыны артпаса, бәсеңдемейді. Себебі осы жылы облыс орталығында түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді. Сондықтан пайдалануға берілетін ғимараттардың дені күзге дейін салынып бітуі тиіс. Сонымен қатар, биыл 15 мәдени-әлеуметтік нысандардан бөлек 3 бірдей қонақ үйдінің де құрылысы бітіп, іске қосылмақ.

Бақтыбай Дүйсебеков – облыстық сәулет және қала құрылы басқармасының міндетін атқарушы: Өздеріңіз білесіздер мынау Риксос, Һемптон, Нұрәлем қоанқ үй кешендері қазір жұмыстарын бастап жатыр. Олардың барлығы саммитке дейін аяқталады. Кейін мынау жеке инвестор есебінен фитнес орталығы және 5 мың орындық мешіт құрылысы басталды.

Бүгінде қаланың нақты аумағы бекітілген. Бас жоспарға сәйкес қала аумағы 22 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар қазір облыс аумағындағы халық саны 5 мыңнан асатын барлық ауылдардың да бас жоспары әзірленуде. 2008 жылы басталған істің қазір 88 пайызы аяқталған. Бұйыртса биыл 101 ауылдың дамуы мен құрылыс салу сызбасы әзірленеді.

Мәселен бізде Бәйдібекте 12 ғана елдімекен қалды. Оның алтауын бастап қойды. Оның толық мүмкіндігі бар. Мынау Жетісай ауданында 65 елдімекен. Соның 9 бастады. Сол сәл қиындау болып жатыр. Келесте 11 елдімекен бар оның төртеуін жасап қойды.

Бүгінде осы жұмыстардың барлығын белгіленген уақыт ішінде аяқтау үшін басқарма барын салып бағуда. Қолда бар мәліметке сүйенсек былтыр аталған басқарма мен осы басқармаға бағынышты бөлімдер тарапынан 81 253  мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша 74 145 анықтама берілген.

 

 

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*