Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » ВОЛЕЙБОЛДАН ҰЛДАР АРАСЫНДА ӨТКЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА ШАРДАРАЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ВОЛЕЙБОЛДАН ҰЛДАР АРАСЫНДА ӨТКЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА ШАРДАРАЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Ақпан айының 20 – 23 күндері аралығында, Түркістан қаласында Ұлы отан соғысының 75 жылдығына орай волейболдан 2003 – 2004 және 2007 – 2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасындағы 2020 жылғы Түркістан облысы чемпионаты өтті. Облысымыздың түкпір-түкпірінен спортшылар қатысқан сайыста барлық спортшылар өз деңгейінде өнер көрсетіп, бақтарын  сынады.

Аталған сайысқа шардаралық воллейболшыларды жаттықтырушылары Айдаров Абжаппар және Мырзабеков Олжас бастап барған болатын. Алғашқы ойын өрнегін көрсеткен 2003 – 2004 жылы туылған ұлдар ақтық сынға дейін жетіп жүлделі 2 орын «Шардара командасы» еншілесе, Ал 2007-2008 жылы туылған ұлдар финалда Түркістан командасынан басым түсіп 1 орынды Шардара командасы иеленді.

Осы жарыста 2003-2004 және 2007-2008 ж.т. жасөспірім ұлдар арасында «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» номинациясымен Шардара команда ойыншылары Анарбай Ербол мен Олжабек Олжас марапатталды.

Жеңіске жеткен шардаралықтарды жеңістерімен құттықтай келе, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!!!

Пікір жазу