Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ДОЙБЫДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАРЫС

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ДОЙБЫДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАРЫС

Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен және Таукент кенті жастар ісі жөніндегі маманының ұйымдастыруымен 2020 жыл — Волонтер жылына орай үстел тенисінен, дойбы ойындарынан кент жастары арасында жарыс болып өтті.

Жалпы, спорттың бұл стол теннисі және дойбы түрлері жылдамдықты әрі зеректікті қажет етеді. Жастар арасында бұл ойын түрлерін кеңінен насихаттап, жиі өткізіп тұрудың пайдасы өте үлкен.

Сайысқа қатысқан жастар өз алғыстарын білдіріп, осындай ісшаралар көптеп өтуін ұсынды.
Жарыс соңында қатысушылар арнайы мадақтамалармен марапатталды.
Іс шараның негізгі мақсаты: жастарды спортқа баулу, жастардың салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.

Соңғы кездері, ауыл — аймақтарда, спорттың стол теннисі, дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ түрлерінен сайыстар жиі өткізілуде. Бұл өз кезегінде жастардың уақытын тиімді пайдалануға, күн ұзақ замануи смартфон түрлерін қарамай, бір мезгіл пайдалы іспен айналысуға баулитын бірден-бір жол.

 

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу