Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Келестік еріктілер көне жерлерге саяхат жасады

Келестік еріктілер көне жерлерге саяхат жасады

Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және аудандық «Jas-Keles Eriktileri» ұйымының волонтерларымен біргелікте ұйымдастыруымен еріктілікті дамытудың 7 бағыты аясында 5 «Асыл мұра» бағытын жандандыру мақсатында және Елбасының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көне жерлерге саяхат ұйымдастырылды.

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты «Мыңтөбе, Ақтөбе, Күлтөбе, Қаратөбе, Жуантөбе» деп аталатын үлкен ауылдар бар. Бұлар Төбе деп аталуының себебі-ауылдың дәл ортасында биік, ұзақтан қарауытып көрінетін, Төбелер орналасқан. Ол төбе шамамен біздің дәуіріміздің V-VI-ғасырында қолдан тұрғызылған деседі. Ол Төбе Келес өзенін жағалай, ара қашықтығы 5-6 шақырымнан орналасқан б атыстан шығысқа қарай тізіліп жатқан биік қарауыл төбелер Күлтөбе, Қаратөбе, Ақтөбе, Жуантөбе, Қоңыртөбелердің бірі.Кезінде ол төбелердің бәрі қолдан жасалған, аса биік болғаны байқалады. Өйткені талай ғасыр өтіп уақыт өз дегенін істеп, төбелер шөгіп, аласарғанмен, әлі де биік, еңселі көрінеді. Ертедегі жаугершілік замандарда осы Төбелердің басында от жағып, келе жатқан жау туралы келесі төбеге хабар білдіріп отырған деседі.


Ауылдың солтүстік –батыс жағында, осы Ақтөбе, Қаратөбеге ұқсас, көлемі дұрыс шеңбер тәріздес, бірақ анағұрлым кішірек, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан көп төбешіктер бар. Бұл төбелерді «Мыңтөбе» деп те атайды. Советтер заманында бұл төбелерді ежелгі дәуір молалары деп танып, археологиялық зерттеу жүргізілуге жатады, деп археологиялық картасын жасап кеткен ғалымдар, археологтар да болыпты. Осы картаға сәйкес «Мыңтөбе» аумағы «археологиялық қорғау аймағы»деп танылған. Алайда кейін КСРО тарқаған соң ол карталардың қайда қалғаны да белгісіз, мәселе аяқсыз қалды. Ол төбелерді қазып, зерттеп көрген ешкім жоқ.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*