Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Келесте «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» шарасы өтті

Келесте «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» шарасы өтті

Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қошқарата ауылдық округі Мәдениет үйінде 2020 жыл «Волонтер жылы» аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» атты өзге ұлт өкілдері жастары арасында Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы өтті.

Аталмыш сайыста 14 өзге ұлт өкілдері қатысып 5 кезең бойынша бақ сынасты.Нәтижесінде №43 Болашақ жапы орта мектебінің оқушысы Тұрғанбекова Сапаркүл үшінші орынды иеленсе, №25 С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің оқушысы Абдіғани Жанар екінші орын, №33 Жуантөбе жалпы орта мектебінің оқушысы Бахитжан Мадина бірінші орынды қанжығасына байлады. Жүлделі орын алған оқушылар Жастар ресурстық орталығының басшысының мақтау қағаздары және сыйлықтарымен марапатталды.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатындағы Қаулысы негізінде, еліміздің барлық аймақтарында бас ақынның мерейтойы тойлануда.

Пікір жазу