Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Келесте «Жігіт сұлтаны» атты байқауы өтті

Келесте «Жігіт сұлтаны» атты байқауы өтті

Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Қызыләскер ауылдық мәдениет үйінде «А.Құнанбайұлының 175 жылдығына» орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жігіт сұлтаны» атты байқауы өткізілді.

Сайдың тасындай сап түзеген сайыпқырандар сайыстың шарты бойынша бар өнерлерін көрсетіп, бұла күштерін сынады.Сайыстың  басты мақсаты — ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру әрі әрбір баланың бойындағы қабілеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. 4 бөлім бойынша бақ сынасқан серілер сынына білекті де жүректі жігіттер қатысып, мықтылықтарын танытты.  Оқ бойы озық шыққан жастар Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округ әкімі атынан мадақтамалар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Тәуелсіз елдің ұландары осылайша мықтылықтарын танытып, «Жігіт сұлтаны» деген атқа лайық екендіктерін дәлелдеді.

Пікір жазу