Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Келес ауданы «Жастар ресустық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жүзімдік ауылдық округі №32 жалпы орта мектебінде насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Атаулы іс-шарада Жастар орталығының талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеу инспекторы Е.Иляс «Серпін-2050», «Болашақ», «Әлем білім», «Жас кәсіпкер», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ізін ара Жастар орталығы дінтанушы маманы Б. Асатуллаев Дін тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдар аралығындағы тұжырымдамасы «Дін тұрақтылық кепілі» атты тақырыбы аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп ДМЗО тарапынан арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Дін мәселесінен кейін «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты психологиялық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атаулы жұмыста ойындар ойнытылды. Іс-шараның басты мақсаты қазіргі таңдағы қоғам дерті өз өзіне қол салу, құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Пікір жазу