Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҢ КІШІ ФУТБОЛ ТҮРІНЕН «СТУДЕНТТІК ЛИГА» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ІРІКТЕУІ ӨТТІ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҢ КІШІ ФУТБОЛ ТҮРІНЕН «СТУДЕНТТІК ЛИГА» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ІРІКТЕУІ ӨТТІ

Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Хамза» футбол алаңында спорттың кіші футбол түрінен аудандағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында «Студенттік лига» ойындарының екінші айналымы өтті.



Жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, әлімжеттік фактілерін болдырмау, олардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыра білуге дағдыландыру, спортпен тұрақты түрде шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ауданның 5 оқу орнынан Жамбыл City, Қыран, Жігер, Асықата, Жас Отан, Достар және Жалын командалары қатысып, жасыл алаңда бақ сынасты.

Соңғы кездері, ауыл-аймақтарда, спорттың көптеген түрлерінен, әсіресе футболдан, сонымен қатар, стол теннисі, дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ түрлерінен де сайыстар жиі өткізілуде. Бұл өз кезегінде жастардың уақытын тиімді пайдалануға, күн ұзақ замануи смартфон түрлерін қарамай, бір мезгіл пайдалы іспен айналысуға баулитын бірден-бір жол.

Пікір жазу