Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӨМІРІМ СЕНІ СҮЙЕМІН, БАСЫМДЫ САҒАН ИЕМІН

ӨМІРІМ СЕНІ СҮЙЕМІН, БАСЫМДЫ САҒАН ИЕМІН

Жетісай қаласы №9 Д.Қонаев атындағы ІТ лицейінде Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының ұйымдастыруымен оқушылардың бір-біріне сыйластығын, сенімін арттыру мақсатында «Өмірім сені сүйемін, басымды саған иемін» атты семинар  -тренинг өтті.

Іс-шараны психологтар Г.Султанова, А.Ерубай жүргізіп, оқушыларға топтық жұмыстар және түрлі психологиялық жаттығулар жасатты. Оқушыларға жақсы мен жаманның, дұрыс пен бұрыстың аражігін ажыратып, қарым — қатынастарын нығайту, жағымсыз көңіл — күйден арылу, болашағына балта шабатын ауыр және аса ауыр қылмыстардың ұсақ құқықбұзушылықтан бастау алатыны түсіндірілді. Іс-шара соңында оқушылар тренинг туралы ойларын білдіріп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында психологиялық тренингтер өткізіп, өз ойларын қысылмай жеткізіп, тұлға ретінде қалыптасуына жол сілтеудің қажеттілігі жоғары. Осы орайда өткізіліп жатқан шаралар барлық аймақтарда өткізіліп, оқушылармен етене жұмыс жұргізіліп, жалғасын тауып жатса, құба-құп.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*