Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР КАРАТЭ СПОРТЫНАН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІКТЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР КАРАТЭ СПОРТЫНАН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІКТЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жуырда ғана Шымкент қаласында Каратэ спорт түрінен “Спорттық жекпе-жек орталығы” жеке мекемесінің ашық біріншілігі өтті.

Аталған дүбірлі додада жерлестеріміз 2 алтын , 2 күміс, 3 қола алқаға қол жеткізіп, жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтар болсақ 8-9 жас аралығында 30 келі салмақта сынға түскен Сапарбек Ғазиз және 10-11 жас аралығында 30 келіде Темірханова Ақниет алтыннан алқа тақса, 8-9 жас аралығында ұлдар арасында Жолбарыс Нұрбол және 10-11 жас аралығында Тәжібай Фатима күмістен алқа тақты. 10-11 жас аралығында 30 келі салмақта Ұзақбай Сандуғаш, 10-11 келі салмақта 10-11 жас аралығында ұлдар арасында Сапаралы Жалғас, 45 келіде 12-13 жас аралығында Орынәлі Оразбай жүлделі 3 орыннан көрінді.

Шардара аудандық Жекпе — жек және күш спорт түрлері бойынша спорт клубыда жаттығытан , жеңіс тұғырынан көрінген каратэ спортының шеберлерін және жаттықтырушысы Қалхаман Жалғасты жеңістерімен құттықтай келе, алдағы бұданда үлкен жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз!

Пікір жазу