Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Бас ақын өлеңдері насихатталды

Бас ақын өлеңдері насихатталды

Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы аясында Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде «Абайды білмек керек, ойлы жасқа» атты тақырыбында әдеби кеш өтті.


Кеште алдымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған бұрыш ашылып, Абай мен әжесі Зеренің арасындағы диалогтан көрініс қойылды. Буккроссинг бұрышы таныстырылды.
Әдеби-сазды кеш шымылдығын тіл маманы Майра Жақыпова Абайдың «Татьянаның Онегинге хаты» әнімен ашты. Ұлы ақын Абайдың азаматтық, ақыл-ой, адамгершілік, имандылыққа үндейтін шығармаларынан, қара сөздерінен оқушылар үзінді оқыды. Сонымен қатар жас ақындардың Абайға арнаған төл туындылары тыңдалды, Абай өлеңдерін жатқа айтудан оқушылар арасында қайым айтыс өтті.
Әдеби кешке аудандық ішкі саясат бөлімінің бас-шысы Өскен Алдамжаров, ардагер журналист Серікбай Тұржан, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақберген Төлешов сөз сөйлеп, ақынның рухани мұраларын жоғары деңгейде насихаттағаны үшін мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
Кеш соңында Шаян ауылдық әжелер алқасының төр-айымы Мейрамкүл Ормаханова сөз алып ұлы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнін тамылжыта орындады. Мектеп ұжымы Абай мұраларын одан әрі дәріптеу мақсатында эстафетаны Қайнар жалпы орта мектебіне жолдады.
Келесі кезекте шара Қайнар мектебінде жалғаспақ.

Мамыркүл МӘРІПХАНҚЫЗЫ.

 

Пікір жазу