Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰСТАЗДАР ҰЛЫ АҚЫНДЫ ДӘРІПТЕДІ

ҰСТАЗДАР ҰЛЫ АҚЫНДЫ ДӘРІПТЕДІ

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №22 жалпы орта мектебінде балабақша тәрбиешілері «Дархан халықтың дана Абайы» атты қойылымын сахналады. Ақынның өмір жолын бейнелеген тәрбиешілер сахналық шеберліктерін жоғары дәрежеде жеткізе білді, деп жазады «Түркістан» газетінің тілшісі А.Мейрамханқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Елбасымыз Н. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» дегендей, ұлы тұлғаның 175 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл іс-шара кемеңгер тұлғаны терең тани түсуге дәріптейді.

Жиын соңында қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мәрия Зейдінқызы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері Гүлбану Жамалханқызы сөз алып оннан аса балабақша тәрбиешілері қатысқан ұйымшыл ұжымдарға алғыстарын жеткізді.

Жалпы, биыл Бас ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орй, еліміздің барлық өңірлерінде түрлі шаралар өткізіліп, ақын мұралары кеінен насихатталуда.

 

 

Пікір жазу