Басты бет » Руханият » Тарихи-мәдени мұралар: Мыңшұқыр мекенжұрты

Тарихи-мәдени мұралар: Мыңшұқыр мекенжұрты

Түркістан өңірі тұнып тұрған тарихи жәдігерлерге толы. Соның бірі — аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен Отырар қаласы.

Қазіргі Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан қала және ондағы тарихи жауһарлар жөнінде оқырмандарға мағлұматтар ұсынуды жөн көріп отырмыз.

XIV-XV ғғ. (археол.). Отырар қалажұртынан оңтүстікке қарай 5 км жерде, Мыңшұңқыр елдімекенінде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т442716 UTM 4739678. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 1988 жылы зерттеген. 1990-91 жж, 95 ж қазба жүргізілген (М.Б.Қожа).

Ескерткіш онша биік емес, көлемі 90х70 м келетін төбе түрінде сақталған. Солтүстік-шығыстан оңтүстік — батысқа созылып жатыр. Оңтүстік — батыс бөлігін шаруашылық мақсатта қазылған ұзындығы 80 м, ені 4 м, траншея кескен. Қазба барысында: бір тұрғын бөлме, 18 құмыра күйдіретін ошақ, көптеген шаруашылық шұңқырлар аршылды. Шеберханада ыдыс -аяқтың барлық түрі, монументалды құрылыстардың қаптама тақталары мен бөлшектері дайындалған. Материалдары Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қорында сақтаулы.

 

Дереккөз: www.otrarmuseum.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*