Басты бет » Руханият » Тарихи-мәдени мұралар: Пышақшы төбе қалажұрты

Тарихи-мәдени мұралар: Пышақшы төбе қалажұрты

Пышақшы төбе қалажұрты.

I-XII ғғ. (археол.). Қоғам ауылының оңтүстік-батысында, 1 км жерде орналасқан. Географиялық коорди-наттары 42Т 442718 UTM 4740913. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялықэкспедициясы (А. Н. Бернштам) зерттеген, 1949 жылы төменгі (батыс) алаңның шығыс шетінің ортасында қазба жүргізілді. 6—10 ғғ. жататын 3 қабат аршылды.

1969 — 70 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) зерттеп, кішігірім шурф салынды. Қала орны бүрыштары дөңгеленіп келген тікбұрышты, екі қабатты төбе болып қалған. Етегінің көлёмі батыстан шығыска қарай 138 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 110 м. Батыс жағы төмендеу, биіктігі 7,5 м, көлемі батыстан шығысқа қарай 30 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 60 м. Шығыс жағы биіктеу, көлемі 30×30 м, биіктігі 11,5 м. Осы тебе айналасында түрлі көлем мен калыптағы төбеге айналған қүрылыс орындары бар. Тебе айналасында жалдың қалдықтары сақталған. Цитадельдің оңтүстігінде Арыс өзенінен ке-летін көне магистральды арықтың орны бар. Арықтың екі жағында да құрылыс қалдықтары бар. Олардың бірі — Жартөбенің диаметрі 100 м-дей, биіктігі 6 м. Ескі арық төбені екіге жарған. 1949 жылғы қазба барысында 3 қабат аршылды. Бірінші қабат қатты шайылып, бүзылған. Екін-ші қабатта кесектен (42x43x7 — 9 см) қаланған қабырға қалдықтары мен күл дақтары болды.

Дереккөз: www.otrarmuseum.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*