Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлем жаңалықтары » Еуроодақтың ыдырауы басталды…

Еуроодақтың ыдырауы басталды…

Ұлыбритания бұрын-соңды болмаған бағытта қадам басты – Еуроодақтың мүшелігінен қаша жөнелді. Бірі бастаса, екіншісі қоштамай қоймас. Оның үстіне, Еуроодақ басшылары шешімі табылмай жатқан күрделі мәселелердің қордаланып қалғанын мойындап жүр. Бұндай мәселелер қатарында, араб елдерінен ағыла бастаған тоқтаусыз көш және кезінде асығыс-үсігіс бұл Одаққа қабылданған Шығыс Еуропа елдері. Бұған Грекия, Португалия секілді елдердің қаржы дағдарысын қосыңыз. Ол ол ма, қолдан жасап алған Грузия мен Украинадағы шиеленіс те өз қолтаңбасын қалдырмай қоймады. Осының бәрін ескере, «сау басына сақина тілеп отырмай» тұрғанында, бұндай ауыртпалықтардан қашқан Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуға бет алғаны түсінікті нәрсе. Ол елдің кеткісі келгені соншалық, тіпті «шығу ақысын» да төлеп кетуге даяр. Бұның арты не болар екен?

(Ә.Ә.)ес-01

Пікір жазу