Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылғаны белгілі.

Осы игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетперделерді тегін тарату үшін 5 миллион бетперде сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын.

Қаламызға күні кеше келіп жеткен 1 миллион бетпердені халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға жеткізіп беру мақсатында бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері гуманитарлық автокеруенмен Қайнарбұлақ елдімекеніне ат басын тіреді.

Партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және еріктілер елдімекендегі 200 отбасыға 50 данадан медициналық бетперде үлестірді.

Айта кетсек, алдағы бес күн ішінде барлық бетперделерді жалпы саны 20 мың отбасыға бөліп беру жоспарлануда.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Пікір жазу