Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН

Ел аумағында төтенше жағдай енгізілгелі Әл-Фараби ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Аудан аумағын залалсыздандыру жұмыстарына арнайы қызметтер мен әскери сарбаздар жұмылдырылып, 672 көпқабатты үй мен 404 көше дезинфекцияланды. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Бұл бағыттағы шаралар күнделікті жалғасып, аудан әкімдігінің тұрақты назарына алынған.

Төтенше жағдайға байланысты 2842 кәсіпкерлік нысан уақытша жабылып, азық-түлік сататын сауда орындары мен дәріханалар бекітілген санитарлық нормалар бойынша жұмыс істеуде.

Бүгінге дейін аудан бойынша 1790 отбасыға, 2368 әлеуметтік пакет таратылды, 892 отбасыға әлеуметтік азық-түлік пакеттері үлестірілуде.

Аудандағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «BizBirgemiz» қоры атынан 146 мың бетперде тарату жоспарлануда.

Айта кетейік, Шымкент қаласының орталығында орналасқан Әл-Фараби ауданында 219 мыңға жуық тұрғын бар.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Пікір жазу