Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАРЫНША КҮШЕЙТІЛДІ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАРЫНША КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысы, Жетісай ауданында адам көп шоғырланатын орындарды сақтық шаралары барыншка күшейтілді.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 47-ге жетті. Соның ішінде Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің 1970 жылғытұрғыны және Ш. Ділдабеков ауылдық округі, Достық ауылының 1971 жылғы, осы ауданның Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылының 1994 жылғы тұрғындарында коронавирус инфекциясы расталып отыр. Аталған азаматтың үшеуі де COVID-19 вирусы анықталған науқаспен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 18 адам тіркелген (оның ішінде 1956 жылғы азаматы 4 сәуір күні қайтыс болған).

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жайттарға орай Жетісай ауданындағы адам көп шоғырлататын банк бөлімшелері мен «Қазпошта» мекемесіндегі ұзын-сонар кезектер сақтық шараларының талаптарына сай ретке келтірілген. Яғни кезекте тұрған азаматтардың арақашықтығы сақталып, клиенттердің аты-жөндері мен кезектік реті дауыс ұлғайтқышпен хабарлануда. Дәл осындай сақтық шаралары ауданның өзге кент, ауыл округтерінде де қолға алынуда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу