Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 700 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЛДЫ

700 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданында жыл басынан бері 700 тонна ет экспортталды, ждеп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының Сайрам ауданы ет өндіруде еліміз бойынша алдыңғы қатарлы аудандардың бірі саналады. Індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы мал өсіріп,ет өнімін өндіретін шаруа қожалықтары жұмысын тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде Сайрам ауданынан 2020 жылдың I тоқсанында Өзбекстан, Иран, Ресей мемлекеттеріне 465 бас мүйізді ірі қара мал мен 75 бас жылқы, 57 бас уақ мал тірідей және 506 тонна сиыр еті, 71,4 тонна қой еті сойыс салмағында экспортталған.


Бұдан бөлек, 566 тонна мал азықтық құрама жем Өзбекстан және Ауғанстан мемлекеттеріне жөнелтіліпті.

Экспорттан бөлек, сайрамдық ет өндірушілер өз өнімдері мен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының және де Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе сынды қала тұрғындарын да қамтамасыз етіп келеді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу