Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БИЫЛ АЛМА БАУ КӨЛЕМІ 100 ГЕКТАРҒА АРТАДЫ

БИЫЛ АЛМА БАУ КӨЛЕМІ 100 ГЕКТАРҒА АРТАДЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында биыл алма бау көлемі 100 гектарға артады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Түлкібас ауданында алма бау көлемін арттыру жылдан жылға қарқын алып келеді. Дәмі тіл үйіріп, талайдың таңдайынан кетпеген алма бүгінде осы өңірдің брендіне айналды. Биыл ауданда жеміс — жидектің көлемі 3335 гектарды құрап отыр. Мемлекетік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі 2578 гектарға жеткізілсе, 2018 жылы аудан көлемінде рекордтық өнім 25 мың 150 тонна алма өндірілген. 2019 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 20 000 тоннаны құрады.

2020 жылы 100 га жерге алма отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда 78 га жерге алма бауы отырғызылды. Жалпы биылғы жылға жоспарлаған 100 гектар алма баудың 50 гектары қарқынды бау болмақ.

Сондай-ақ, алма өнімін қыс мезгілінде сақтау мақсатында ауданда бүгінгі таңда 6 қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың сиымдылығы 8900 тонна.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу