Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » КӘСІПКЕР ҚЫЗДАР ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТТЫ

КӘСІПКЕР ҚЫЗДАР ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТТЫ

Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депутаты Әлия Ортай бастаған бір топ жас кәсіпкер қыздар карантинде отырған көпқабатты біздің үйдің әлеуметтік аз қамтылған бес отбасына арнайы азық-түлік алып келіп, қасиетті ораза айында мол сауапқа кенелді. Жалпы біздің үй тұрғындары арасында аз қамтылған отбасылар саны қырықтан асып жығылады. Олардың арасында жалғызілікті аналар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, табысы төмен отбасылар бар. Басым көпшілігі бұл үйде пәтер жалдап тұрады. Сондықтан, қыздарымыздың игі бастамасына көпшілік ризалығын жасырмады.
Жас кәсіпкерлерімізге Алланың нұры жаусын!..

© Әсет Әссанди,
Шымкент қаласы бойынша
Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі.

Пікір жазу