Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » РИНГКЕ ҚАЙТА ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ

РИНГКЕ ҚАЙТА ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ

Майк Тайсон рингке оралуға шешім қабылдады

Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон қайырымдылық жекпе-жегі үшін рингке қайта оралғысы келеді, деп жазады sputniknews.kz.

«Мен қазір жаттығып жатырмын, рингке қайта шыққым келеді. Бірнеше жекпе-жек өткізуді жоспарлағандықтан, спорттық дайындықты қолға алдым. Төрт раундтық қайырымдылық жекпе-жектер өткізуге мүмкіндік беретін бабымда болуды қалаймын. Ақша тауып үйсіздер мен есірткі тәуелділігіне ұшырағандарға көмектескім келеді», – дейді боксшы. Темір Майк рингке соңғы рет 2005 жылы маусым айында Макграйдпен шығып, жеңіліске ұшырады. Бұл оның кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегі болды. «Өткен аптада ғана рингте жаттығу өткіздім. Өте ауыр болды әрі қатты шаршадым. Мен қайырымдылық жекпе-жегін ұйымдастырып, физикалық қалпымды жақсарта аламын деп ойлаймын», – деді Тайсон. Айта кетейік, ол кәсіпқой мансабында 50 рет жеңіске жетіп (44 КО), алты рет жеңілген.

Өз тілшімізден

Пікір жазу