Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҚТАРЫ

ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҚТАРЫ

Отырар кітапханасында (директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекова) «Рухани жаңғыру» жобасы аясында өткен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелерімен – атап айтқанда:

қаламгер-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен, Ұлттық журналистік «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы ҚҰЛКЕНОВ МЕРЕКЕ ӘБДЕШҰЛЫМЕН,

ақын, халықараралық «Алаш» сыйлық лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Жазушы» баспасының директоры РАУШАНОВ ЕСЕНҒАЛИ ӘБДІЖАППАРҰЛЫМЕН,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Тарлан-Үміт» сыйлығының иегері, Балалар мен жасөспірімдер басылымдарының «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры ҚОРҒАСБЕК ЖҮСІПБЕК НҰРАҚЫНҰЛЫМЕН,

ақын, журналист, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған, «Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы ӘЛІМҰЛЫ АМАНХАНМЕН кездесу болып өтті.

Кездесуге облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, «Достық» клубтарының мүшелері, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Елбасы мақаласынан туындайтын негізгі міндеттер мен оны іске асыру жайы қаралған жиында қоғамдық сананы жаңғырту жайы жан-жақты сөз болды. Жиында қаламгерлер ескі сарқыншақтардан ең алдымен оңтүстіктің тазаруы керектігіне тоқталды. Оңтүстік – ұлтымыздың ұйытқысы, береке-бірліктің бастауынан түспеуі керектіне ерекше мән берген қонақтар жаңғырудың жақсы жақтары осы жерден басталуы заңды екенін ерекше жеткізді.

Кездесуді ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қорытып, облыстық ассамблеясы Елбасы мақаласы аясында атқарылатын игі іс-шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастыратынын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың  қабылдауында болған қаламгерлер «Қазақстан – Шымкент» телеарнасының «Ортақ шаңырақ» телебағдарламасына құрметті қонақ ретінде қатысып, түстен кейін Созақ ауданына жол жүріп кетті.

Әсерлі өткен кездесуден оның қатысушылары мол ғибрат алып қайтты деуге толық негіз бар.

Әсет Әссанди
(Суреттерді түсірген Азат Дидарбек)

Пікір жазу