Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР МАҚТА ЕГУДІ БАСТАП КЕТТІ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР МАҚТА ЕГУДІ БАСТАП КЕТТІ

Түркістан облысы Жетісай ауданы үшін көктем нағыз қарбалас шақ. Күн ысып жер қыза салысымен дихандар мақта және өзге дәнді дақылдарды егуді бастайды.

Күн райы жылынғаны сол еді Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінің дихандары ауданда алғаш болып мақта егуді бастады, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Ауыл диханы Аппазов Оңалхан өзінің иелігіндегі 4.5 га аумаққа жоғары сұранысқа ие ауданның климатына арнайы ойлап табылған R2 сортты мақта тұқымын егіп жатыр. «Ауыл округ бойын 5450 гектардың 3000 гектар жуық жерге мақта егу жоспарлап отырмыз. Шаруалар судан тапшылық көрмеу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес.

Ауыл округіндегі барлық арық — атыздар өскінді шөптермен шөгінді тұнбалардан толықтай тазартылды» дейді ауыл әкімі Қанат Тілеуов. Қосымша айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша биыл 38 мың гектарға мақта шиті себілу жоспарлануда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу