Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

САЙРАМДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сайрам ауданының әкімі ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков ауыл округтеріндегі жағдайды бақылау үшін арнайы жұмыс сапарына шықты.

Әуелі Қарамұрт ауыл округіндегі дүкендерді аралаған аудан басшысы ауыл әкімі М.Нәжиевке құрылыс заттарын сататын сауда нүктелері жұмысын тоқтатпауы тиіс екенін ескертті. Сонан кейін 65 жастан асқан тұрғын мен кәмелет жасына толмаған балаларға қазіргі жағдайды түсіндірді.

Сондай-ақ, бірқатар көшелерді жаяу аралап, жергілікті тұрғындарды сөзге тартты. Сұқбат барысында еліміздегі төтенше жағдайдан қаншалықты құлағдар екенін білді.

Ұласбек Сәдібекұлы Қарамұрт ауыл округіндегі дезинфекциялау жұмыстарын қадағалап, «Қарамұрт» бақылау бекетіне барды. Ондағы қызметкерлердің жағдайымен танысып, бекеттен өтуге байланысты қиындықтар туындамағанын нақтылап, кезкешіліктегі қызметкерлердің уақтылы әрі дұрыс тамақтануын тапсырды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу