Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАМАҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ

САҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАМАҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ

Бүгін Арыс қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары дүкендерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп жазады Арыс ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

Сонымен қатар, дүкендердің тазалығы, хлормен жуылғандығы, есіктерге хлорланған дәкенің жапсырылғандығын және сатушылардың маска мен сатуға арналған қолғабы тексерілді. Талапқа сай дүкенге 5 кісіден артық кірмейді, ал тұтынушылар 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауы тиіс. Және тұтынушылар міндетті түрде маска тағуы тиіс. Карантин режимін бұзғандар қатаң жазаланатын болады. Бүгінге дейін,  ҚР Президентінің №285 Жарлығын және Түркістан облысы бас санитарлық дәрігерінің №33 қаулысын орындамаған 18 азаматқа хаттама толтырылған. Оның ішінде 5 ет сататын жеке тұлға,1 шаштараз, 2 қоғамдық тамақтандыру және 10 сауда орны жеке тұлғалары.

18 материал сотта қаралып 6 на 26510 теңгеден айып пұл салынып, 7 адам 1 тәулікке қамаққа және 1 адам 3 тәулік қамаққа алынуы туралы шешім қабылданған. 4 ескерту берілген. Негізгі кемшіліктері маска кимеген, санитарлық режимді, залалсыздандыру режимін сақтамаған, антисептиктер орнатылмаған.

Құрметті арыстықтар! Баршаңызды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, қауіпті індетпен бірлесе күресуге шақырамыз!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу