Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДІНИ МАТЕРИАЛДЫ САҚТАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ДІНИ МАТЕРИАЛДЫ САҚТАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Түркістан облысының тұрғынына тыйым салынған діни материалдарды сақтағаны үшін айыппұл салынды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

ТО ПД Экстремизмге қарсы іс -қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында пайдаланушылардың бірінің парақшасынан деструктивті ағымның аудиожазбаларын тапты. Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, осы аудиожазба авторын анықтады. Тексеру аясында олардың дәрістеріне Ақтөбе облыстық сотының қаулысымен 2019 жылы тыйым салынғаны белгілі болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл материалдар ҚР заңнамасына қайшы келетін, оның конституциялық құрылымын күштеп өзгерту, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған, соғысты және араздықты насихаттайтыны айқындалды.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері аталған материалдарды таратып-жеткізуші күдіктіні анықтап, Жетісай АПБ-не жеткізді. Ол Жетісай ауданының тумасы болып шықты. Ұсталған азамат өзінің теріс әрекетін толық мойындап, аталмыш аудиожазба деректерін полицейлердің алдында өшіріп тастады. Одан бөлек, тергеу барысында ол деструктивті-діни ағымды ұстанушы ретінде есепте тұратындығы анықталды.
Сот шешімімен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтері мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында тарату» 20 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өз кезегінде, Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері азаматтарға тыйым салынған діни әдебиеттерді, аудио және бейнематериалдарды таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік барын ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әдебиеттері мен материалдарын ресми интернет-ресурстан қолдануды ұсынады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу