Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛДІ

КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛДІ

На изображении может находиться: один или несколько человек

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 сәуір күні қалада коронавирус инфекциясынан тағы алты адам емделіп шықты.

1962 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны 5 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясымен жатқызылған. Науқастан «COVID-19»-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Қалған бес ем алушының барлығы 11 мен 58 жас аралығындағы қала тұрғындары.

Алты азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсетті. Осыған орай, олар 27 сәуір күні ауруханадан шығарылды.

Бүгінде қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясына шалдыққан 29 науқас дертінен айығып шықты.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Пікір жазу