Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ЭКСПОРТЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ЭКСПОРТЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

Түркістан облысында сыртқы сауда экспорты тоқтаған жоқ. Керісінше қолдау тауып, қарқынды жүзеге асырылуда. Негізгі шикізаттық емес экспортталатын тауарлар бұл — уран, ұн, трансформаторлар мен балық өнімдері және күркетауық еті.

Отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Облыста инвесторлар мен экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтердің кең түрін  ұсынатын «Turkiston Invest» қызмет көрсету орталығы құрылған, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

 «Turkiston Invest» орталығының көмегіне жүгінуші кәсіпкерлердің қатары да көбейген. Мәселен, «Turkiston Invest» көмегімен көлік қызметтеріне, шетелдік көрмелерге қатысуға және тауарды шетелде жарнамалауға жұмсалған шығындарды өтеу үшін «QazIndustry «СОО» АҚ — на Түркістан облысының 18 экспорттаушы компаниясы өтінім берді. Оның ішінде өткен жылы іске қосылған «CG Corp Global» ЖШС бар. Жылына 400 мың тез дайындалатын кеспе шығаратын зауыт  өнімі бүгінде ішкі және сыртқы нарықта да сұранысқа ие.

Сонымен қатар, былтыр Қазақстан мен Қытай арасында сүт өнімдерін экспорттау бойынша келісім жасалған болатын.  Нәтижесінде «Golden Camel Group» зауыты ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қытайға 30 тонна құрғақ түйе сүтін экспорттады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 33 мың тоннаны құрайды және өнім толығымен экспортқа сай.

Ал, таяуда Өзбекстан Республикасы, Ургенч қаласында өткен «агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы» ІІ аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы кәсіпорындары арасында жалпы сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайтын 3 экспорттық келісімге қол қойылды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу