Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

ТҮРКІСТАН: МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Алдағы уақытта өзімізден шыққан отандық өнімді, яғни Түркістан облысында жасалған көлік құралын мінуіңіз әбден мүмкін.

Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі — «Ленгер машина жасау» зауыты іске қосылатын болады, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Аталған жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда зауытта толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. Нәтижесінде жалпы өндірістік аумағы 13096 шаршы метрді құрайтын алпауыт кәсіпорын іске қосылатын болады.
Кәсіпорын машина жасау өнеркәсібіне маманданған. Зауытта халықтың сұранысына қажетті машина жабдықтары, жиһаз өнімдері, темір бұйымдары мен бөлшектері шығарылмақ. Зауыттың жыл сайынғы өнімділігі 60-70 тоннаға жетеді. Айта кетерілігі, мұнда отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда. Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, 250 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Төлебилік тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуы үлкен қуаныш болмақ.

© Өз тілшімізден.

Пікір жазу