Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тағылым » ҰОС АРДАГЕРІ: СӘРСЕН ӘБДІНҰРОВ

ҰОС АРДАГЕРІ: СӘРСЕН ӘБДІНҰРОВ

На изображении может находиться: 1 человек, костюм

Әбдінұров Сәрсен Әбдінұрұлы 1922 жылдың 22 желтоқсанында Түлкібас ауданы Кемербастау ауылында туған. Соғыс жылдарында ол 368-шы, кейін 823-ші атқыштар полкінде қызмет етті.

1-ші Украин майданының құрамында шайқасып, Берлинге дейін барды. Соғыс біткеннен кейін 1947 жылға дейін Германияда Совет Армиясы қатарында қызмет етті.

Елге оралған соң Кемербастау ауылдық почта байланысы бөлімшесінің бастығы, кейін мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін сырттай бітірген соң 1961-1971 жылдар аралығында Шымкент облыстық ішкі істер саласында жауапты қызметтер атқарды. 1971 жылдан құрметті еңбек демалысына шыққанша Шымкент қаласындағы еңбекке орналастыру басқармасында жауапты қызметте болды.

Соғыс жылдарында Сәрсен Әбдінұров ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 ж.ж. Германияны жеңгені үшін», «Совет Одағының маршалы Г.К. Жуков» және басқа да медальдармен марапатталды.

Ұлы Отан соғысы зұлматты жылдары асқан табандылық, жанкештi ерлiк пен еңбек үлгiсi бола бiлген ардагерлерге құрмет көрсету — азаматтық парыз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу