Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАСҚАСУДА ҚАУІП ЖОҚ!

ҚАСҚАСУДА ҚАУІП ЖОҚ!

На изображении может находиться: дерево, растение, небо, на улице, природа и вода

Көктем мезгілінде жауын – шашын салдарынан өңіріміздегі өзендер арнасынан асып, әртүрлі су тасқындарының орын алып жататыны белгілі. Әсіресе таулы аймақтардағы өзендер, тасып жатады.

Жуырда әлеуметтік желілерде «Қасқасуда су тасқыны болып жатыр» деген ақпарат таралған болатын. Осыған орай, Төлеби ауданы әкімдігі тарапынан келесідей мәлімдеме жасалып отыр.
«29.04.2020 жылы Төлеби ауданының Керегетас және Жоғарғы Қасқасу елді мекендерінде қатты жауын -шашынға байланысты сел жүруі орын алды.
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтың бастамасымен құрылған жұмыс тобы нысандардың жай- күйімен танысты. Елдімекендегі тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар зақымдалмаған.
Сел салдарын жоюға ұйымның жұмыс күштері мен техникасы жұмылдырылды, арықтар тазартылды. Қатты жауған жауын шашынның (жаңбыр, бұршақ) салдарынан Сайрамсу өзенінің деңгейі күрт көтерілген (30 метр куб/сек дейін). Зардап шекендер жоқ. Бүгінгі таңда өзен суының деңгейі түскен (9 метр куб/сек). Қазiргi таңда елдімекендерге қауіп жоқ.»

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу