Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ!

ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ!

Жетісай ауданын су басады деген қауіптің жоқ екендігін тағыда қайталап айтамыз. Коллекторға жақын орналасқан елді-мекендердің аздап су деңгейі көтерілген. Қазір жағдай тұрақты. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев коллектор бойына жақын орналасқан » Қоғалы», » Жылы Су» елді мекендерінде болып тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сосын, Мақтаарал ауданына тиісті видеоларды Жетісай ауданы мен шатастырмауларыңызды және Жетісайды су басып жатыр деп әлеуметтік желілерге таратпауларыңызды сұранамыз.

Мүмкіндігі барынша ақпарат беріп жатырмыз. Босқа даурықпайық. Жетісай ауданы халқын эвакуация жасап жатыр деген ақпаратта шындыққа жанаспайды. Қосымша мәліметтерді мүмкіндігі барынша тікелей эфирге шығып толығырақ баяндайтын боламыз.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр. Сонымен қатар, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апаттан зардап шеккен аймаққа арнайы келіп, Арыстың тәжірибесіне сәйкес Мақтаарал ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу