Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЖАҢА ЧЕЛЛЕНДЖ! ҚОЛДАЙСЫЗДАР МА?

ЖАҢА ЧЕЛЛЕНДЖ! ҚОЛДАЙСЫЗДАР МА?


Мен – қазақпын, Қазақстан Республикасының азаматымын. Осы жерде дүниеге келдім, осы жерде өлемін. Сондықтан мемлекеттік тіл – менің тілім! Мен Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерімен мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттімін. Елдегі барлық ақпаратты, жаңалықты, хабарламаны мен алдымен мемлекеттік тілде жариялаймын. Ғасырлар бойы осы тілде сөйлеп, бұл тілді бізге аманаттап кеткен ата-бабаларымыздың әруақтарын құрметтеп, өз тілімді өзге тілдерден бұрын сайратамын. Мен – Қазақстанның патриотымын! Өзін патриот есептеген әр азаматымыз мемлекеттік тілді көк байрағымыздай биікке көтеріп, самғатып жүру керек. Осы сөздерімді қуаттаған елдің ержүрек ұлдары мен бойында қасиеті мол қыздары «қолдаймын» деп пікір жазып, осы челленджді өз парақшасына репост жасаса, үлкен сауапты іс болар еді!
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін өзіміз көтерейік!
Бүкіл әлеуметтік желі «мемлекеттік тіл» деген тіркеске толып кетсін!..

© Әсет Әссанди,
мемлекеттік тілде сөйлейтін,
мемлекеттік тілде ойлайтын,
мемлекеттік тілде жазатын
журналист.

Пікір жазу