Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ҚАЙДА КЕТТІ?

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ҚАЙДА КЕТТІ?

Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты. Естіген жұрттың бір бөлігіне бұл жаңалық қуаныш сыйласа, бірі – абдырап қалды, тағы бірі – өкініштерін жасыра алмады. Ендігі қадам – Дариға Назарбаеваны ҚР Парламенті Сенатының төрайымы қызметінен босату. Көп ұзамай, бұл мәселе де шешімін табайын деп тұрған сияқты.

Сонда Дариға Назарбаева қайда кетті деген заңды сұрақ туады. Әзірге, тек қана отставкаға кетті. Ал, сарапшылардың жарыса айтып отырғандарына зер салсақ, бұл жағдайдың жалғасы түрлі төрт сценариймен өрбіп кетуі ықтимал. Мәселен, Д.Назарбаева:

  1. ҚР Премьер-Министрі қызметіне тағайындалуы;
  2. алдағы Президент сайлауына үміткер ретінде тіркелуі;
  3. Парламент сайлауына қатысып, нәтижесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің төрайымы болып сайлануы немесе
  4. саясаттан біржола кетуі әбден мүмкін.

Ал, әзірге Президентіміздің Жарлығының қайырлы болғанын тілеп, әліптің артын бағайық.

© Әсет Әссанди,
саяси сарапшы.

Пікір жазу